Жарияланды: 450

Алматы облысында 1000 гектардан астам жерде далалық өрт шықты

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында 1000 гектардан астам жерде далалық өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұра ауылдық округінде (Шелек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шықырым) 23 қыркүйекте сағат 17.35-те 40 гектар аумақта далалық өрт шықты. 24 қыркүйектегі сағат 17.00 жағдаймен өрт аумағы 1000 гектардан асты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 91 адам мен 13 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 7 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 38 адамының көмегімен сөндірілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть