Жарияланды: 470

Алматы облысында 1800 гектар далалық алқап өртеніп жатыр

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш, Фабричный, Қаракестек және Амангелді елді мекендері аумағында 20-қазан күні 20 сағат 50 минут шамасында 1000 гектар алқапта жекелеген далалық өрт ошақтары шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, өрт сөндіру жұмысына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің 28237 санды әскери бөлімшесінің 240 қызметкері мен 8 техникасы, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы, сондай-ақ, жергілікті 120 тұрғын жұмылдырылды. 21-қазандағы 3 сағаттағы жағдаймен от құшағына оранған алқап көлемі 1800 гектарға жетті. Күшті жел тұруына байланысты өрт таулы алқаптарға қарай ойысуда. Ал елді мекендерге қауіп жоқ. Жер бедерінің қиындығына байланысты түнде өрт сөндіру жұмысы доғарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін