Алматы облысында 6 жасар бала туған інісін атып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 6 жасар бала туған інісін атып жіберді

Алматы облысында 6 жасар бала туған інісін атып жіберді

Алматы облысында 6 жасар бала өзінің 2 жастағы інісін атып жіберді.

  • 7 Қараша 2017
  • 217
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Stan.kz облыстық ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Мыңбаев ауылындағы жер үйлердің бірінде болған. Алматы қаласының тұрғындары қала сыртында тұратын туысқандарының үйіне қонаққа барған. Сол жерде 6 жасар бала ойнап жүріп туған інісін жарақаттаған.

Бүлдіршін шұғыл облыстық ауруханалардың біріне жеткізілді. Ал оқыс оқиғаға негіз болған мылтық еш жерде тіркелмеген болып шықты. Үй иесінің айтуынша, ол мылтықты үй маңынан тауып алған. Құқық қорғау органдары аталған фактілерге сәйкес, бірнеше қылмыстық іс қозғады. Дәл қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар