Алматы облысында 62 жастағы зейнеткер мектеп оқушысын азғындаған
![]() |
Алматы облысында 14 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасап, азғындық көрсеткен күдікті ұсталды. Ол 62 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған факті бойынша полицияға арыз 15 ақпанда түскен. Қаскүнем Қарасай ауданында жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Сол кезде полицейлердің айтуынша, ол көлікті мас күйінде басқарған. Бұл әрекеті үшін оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Кәмелетке толмаған баланы азғындатқаны үшін айыпталушы қылмыстық жауапкершілік аясында сотталуы мүмкін.
"Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабы "жас балаларды азғындату" бойынша қылмыстық тергеу тіркелді.
Тергеу бақылауда және мән-жайлардың жан-жақты объективтілігіне бағытталған шаралар қабылдануда", – деп атап өтті облыстық ПД ресми өкілі Әбілтай Әбенов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін