Жарияланды: 550

Алматы облысында «Алтын белгі» иегерлерінің қатары көбеюде

Алматы облысында ағымдағы жылы 330 түлек «Алтын белгі» иегерлері атанды, 2010 жылы олардың саны 267 адам болған еді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың ішінде екі түлек ең жоғары - 125 балды жинады. Олар - Жамбыл ауданындағы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектептің түлегі Нұрдәулет Әбілов пен Талдықорған қаласындағы М.Ломоносов атындағы №5 мектептің түлегі Әнел Еженова. Облыс оқушылары соңғы бес жыл бойы республикалық және халықаралық білім жарыстарында үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Облыстың жас дарындары жылдың басынан бері түрлі жарыстардан 154 медаль қанжығалап қайтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін