Алматы облысында әскерден қашқан сарбаз ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында әскерден қашқан сарбаз ұсталды

Алматы облысында әскерден қашқан сарбаз ұсталды

Алматы облысының Боралдай кентінде орналасқан 2177 әскери бөлімінен қашып кеткен қарулы сарбаз ұсталды. Ол қалаға жақын Алғабас ауылындағы туыстарының үйіне жасырынған екен. Ал одан қатты таяқ жеген жауынгер қайтыс болды.

  • 20 Қыркүйек 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz


Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай қаласының тумасы Серік Дәулетбай қызметтік тапаншаны алып, із суытқан болатын. Тәртіп сақшылары ұйымдастырған жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 21 жасар шекарашы бүгін қолға түсті. Ол кеше таңғы сағат алтылар шамасында келіcім-шартпен қызмет атқарып жүрген қаруласын соққыға жыққан. Басынан ауыр жарақат алып миы шайқалған старшина әскери госпитальда көз жұмды. Ал Серік Дәулетбай Алматының іргесінде тұрған ауылдағы туыстарына барып бой тасалаған екен. Сарбаздың әскери бөлімнен алып шыққан «Макаров» тапаншасы мен оқтар тәркіленді. Енді жауынгердің үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалмақ.