Алматы облысында аттестациядан сүрінген 171 полицей қызметінен қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында аттестациядан сүрінген 171 полицей қызметінен қуылды

Алматы облысында аттестациядан сүрінген 171 полицей қызметінен қуылды

Астанада 115 полицей қызметінен қуылмақ. Барлығы да кезектен тыс өткен аттестацияда қажетті межеге жетпегендер. Тағы 124 тәртіп сақшысының қызметтері төмендетіледі.

  • 25 Қазан 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz


Алматы облысындағы әріптестерінің де көрсеткіштері көңіл қуантпайды. 171 полицей бүгін-ертең қызметтен кетеді. Тағы 800-ге жуық тәртіп сақшысы аттестация кезінде ең төменгі көрсеткішке ғана жеткен. Олардың біразына жуырда мамандықтарын ауыстыруларына тура келмек. Ал 113-нің жақын күндері қызметтері төмендетіледі. Естеріңізге сала кетсек, аттестация барысында полицейлер заңды қаншалықты білетіндіктерін дәлелдеуі керек еді. Оған қоса психологиялық сынақ тапсырып, физикалық дайындықтарын да дәлелдеуі тиіс болатын. Комиссия мүшелерінің айтуынша, қатардағы тәртіп сақшылары соңғы сында көбірек сүрініпті.

Соңғы жаңалықтар