Алматы облысында автокөліктің өзенге түсіп кетуі салдарынан 9 адам зардап шекті
Алматы облысында автокөліктің өзенге түсіп кетуі салдарынан 9 адам, соның ішінде екі бала зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Оқыс оқиға Алматыдан 7 шақырым жерде, Үлкен Алматы көлінің маңында болған. "Газ-66" автокөлігінің жүргізушісі көлігін Үлкен Алматы өзеніне құлатып алды. Жол апаты салдарынан 35 жастағы жүргізуші, алты әйел мен 12 және 15 жастағы екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін