Алматы облысында бір отбасының 4 адамы көмірқышқыл газынан уланды
Алматы облысы Талдықорған қаласының маңындағы Еркін ауылында бүгін, 11-наурызда пештің ақауы салдарынан бір отбасының 4 адамы көмірқышқыл газынан уланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Агенттік ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін