Алматы облысында болған қар көшкіні жолды басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында болған қар көшкіні жолды басып қалды

Алматы облысында болған қар көшкіні жолды басып қалды

Алматы облысында қар көшкіні болып, жолдар қалың қардың астында қалды.

  • 31 Қаңтар 2018
  • 141
Фото - Caravan.kz

"2018 жылғы 30 қаңтарда Түрген өзені бассейнінде Түрген ауылы — Батан шатқалы автожолында 4 рет табиғи қар көшкіні болып, қар басқан аумақтың жалпы көлемі 390 текше метрді құрады",  деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазселденқұтқару» ММ-ға сілтеме жасап.

29 қаңтар күні Түрген өзені бассейніндегі жерасты дүмпулер осы қар көшкініне себепші болуы мүмкін. Дәл қазір жолдар толықтай тазаланды. Қардың астында қалғандар жоқ.

«Іле-Алатау табиғи паркі Түрген филиалының директорына бақылау-тексеру бекеті арқылы Түрген өзені аңғарына демалу үшін келушілерді шектеу, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне, Түрген ауылдық округіне автожолдарды қардан тазалау шаралары жөнінде хат жіберілді», — дейді Қазселденқұтқару мемлекеттік мекемесіндегілер.


Соңғы жаңалықтар