Алматы облысында депутат мінген тікұшақ сымға ілініп апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында  депутат мінген тікұшақ сымға ілініп апатқа ұшырады

Алматы облысында депутат мінген тікұшақ сымға ілініп апатқа ұшырады

Алматы облысында тікұшақ апатқа ұшырап, өңірге белгілі кәсіпкер қаза тапты. 65 жастағы Жанайдар Егінбаев «Талдықорған жолдары» компаниясының бас директоры әрі облыстық Мәслихат депутаты болған.

  • 28 Мамыр 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

Ол екі орындық тікұшақты жалғыз өзі тізгіндеп, Алматы-Талдықорған бағытында салынып жатқан тас жолдың құрылысын бақылауға шыққан екен.  Әуе көлігі Ақшатоған ауылының маңына жеткенде артқы бөлігі электр сымына ілініп, құлаған. Қуаты 10 мың вольттық тоқ тікұшақтың түгі қалдырмай өртеп жіберіпті. Іштегі ұшқышты да құтқарып қалу мүмкін болмаған. Қазір апат орнында да мамандар тексеру жүргізіп жатыр. Таяу күнде арнайы құрылған комиссия қара жәшікті де оқып шығуы тиіс. Себебі «тікұшақта техникалық ақау болған» деген болжам бар.