Жарияланды: 500

Алматы облысында екі балықшы автокөлікпен бірге суға батып кетті

Алматы облысында екі балықшы автокөлікпен бірге Іле өзеніне батып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Қайғылы оқиға 7-наурыз күні кешкісін болған. Ішінде 35 жастағы екі балықшы отырған "Мицубиси-Делика" автокөлігі өзенге батып кеткен. Қаза тапқан адамдардың мәйітін судан құтқару қызметінің қызметкерлері келесі күні судан шығарып алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін