Полицейлер бірден ден қойып, күдіктіні қолға түсірді, қазір ол Ұйғыр АІІБ тиісті айғақ беруде. 12-ші калибрлі «МЦ-21-12» қаруы ұсталған ер адамның атына тіркелген болып шықты. Қару тәркіленіп, іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды.
Сот алды тергеу ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша жүргізілуде.