Алматы облысында ерекше акция басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ерекше акция басталды

Алматы облысында ерекше акция басталды

Алматы облысының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменті Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай,

  • 1 Маусым 2011
  • 513
Фото - Caravan.kz

бүгін басталған «Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» акциясына қосылып отыр.

Департамент бастығы Гүлнәр Ермекбаева баспасөз мәслихатында хабарлағандай, Балаларды қорғау күні — жадыраған жаздың, балалардың демалыс айларының бастауы. Бұл атаулы мереке алғаш рет 1950 жылы әлемнің 51 елінде атап өтілген болатын. Бұл күн — балалардың ең тамаша мерекелерінің бірі ғана емес, сонымен қатар ересектердің есіне олардың балалар үшін жауапты екендігін еске салатын күн.

Балалар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері бүгін сондай-ақ Жауғашты колониясына барып, мерекелік шаралар ұйымдастырады. Онда ата-аналары жазаларын өтеп жатқан бүлдіршіндердің балалар үйі бар.