Алматы облысында есепте тұрған жеткіншектер түрмедегілердің өмірімен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында есепте тұрған жеткіншектер түрмедегілердің өмірімен танысты

Алматы облысында есепте тұрған жеткіншектер түрмедегілердің өмірімен танысты

Алматы облысындағы Ескелді ауданында есепте тұрған жеткіншектер түрмедегілердің өмірімен танысты. Прокурорлар  13 оқушыны  Алматы қаласындағы ЛА 155/6 колониясына арнайы апарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 30 Қазан 2017
  • 158
Фото - Caravan.kz


Түзеу мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған 50-ге жуық бала жазасын өтеп жатыр. Оларға тағылған айып әр түрлі. Бірі ұрлық жасаса, енді біреулері  кісі өлтіріп, діни теріс ағымды насихаттап сотталған. Олардың бірі жасаған әрекетіне қатты өкінетінін айтып, қонаққа келген қатарластарына дұрыс жүруге кеңес берді.

Ескелді ауданының прокурорлары  бұл шараны ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған жасөспірімдер сотталған замандастарының қателіктерін қайталамауы мақсатында ұйымдастырды. Темір тордың ар жағындағы тіршіліктен сабақ алған оқушылар, болашақта тәртіп бұзбай, дұрыс жүріп-тұруға белін бекем буып қайтты.    

Соңғы жаңалықтар