Алматы облысында гранатаның жарылуы салдарынан бір адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында гранатаның жарылуы салдарынан бір адам зардап  шекті

Алматы облысында гранатаның жарылуы салдарынан бір адам зардап шекті

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы облысында гранатаның жарылуы салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Наурыз 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Іле ауданындағы «Көктем» саяжайлар қоғамының аумағында 28-наурыз күні кешке 27 жастағы жігіт №61993 әскери бөлімшенің полигоны аумағынан табылған РГП-7 гранатасын бөлшектеуге талпынған. Министрлік ақпаратына сәйкес, сол кезде жарылыс болған. «Жарылыс салдарынан жігіт қолы мен аяғынан ауыр жараланған», деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ол ауруханаға жатқызылды. Осы дерек бойынша тексеру жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті