Алматы облысында көлік қағып кеткен бүлдіршін жансақтау бөлімінен шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында көлік қағып кеткен бүлдіршін жансақтау бөлімінен шығарылды

Алматы облысында көлік қағып кеткен бүлдіршін жансақтау бөлімінен шығарылды

Алматы облысында көлік қағып кеткен бүлдіршін жансақтау бөлімінен шығарылды.

  • 27 Қазан 2015
  • 358
Фото - Caravan.kz


Баланың жағдайы туралы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Арман Тойбеков айтып берді. 

Оның айтуынша, 2009 жылы туылған қыз бала түрлі дене жарақатымен жансақтау бөліміне түскен. Қатты соққыдан баланың бас сүйегінің негізі сынып, жабық бас ми жарақаты, ми шайқалуы, бас сүйегінің сызықты сынығы орын алған. Тұла бойы сырылып, соғылған. 
«Кеше қажетті емдеу шаралары жасалды. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Сұрақтарға дұрыс жауап береді. Егер денсаулығы күрт нашарлап кетпесе, 10-15 күнде бала ауруханадан шығады», — деді Арман Тойбеков.
Айта кету керек, жол апаты кеше Алматы облысы Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров көшесінде болған. БМВ көлгі жаяу жүргін жолынан өтіп бара жатқан әйел мен 7 жасар бүлдіршінді қағып кеткен. Қазір анасы түрлі дене жарақатымен Іле аудандық ауруханасына жатқызылды. Оның денсаулығы жайлы дәрігерлер әзірге мәлімет бермей отыр.

Соңғы жаңалықтар