Алматы облысында мүгедектерге арналған пансионатта өрт шығып, 112 бала мен 32 егде адам қауіпсіз жерге шығарылды
Алматы облысының Қарасай ауданындағы мүгедектерге арналған «Мирный» пансионатында 1 тамыз күні сағат 20.35-те өрт шықты. Пансионат «Алматы-Бішкек» тас жолының 23-інші шақырымында бөлек тұрған бір екі қабатты және бір бір қабатты ғимараттарда орналасқан. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, өрт кір жуу бөлмесінде балалар мен ересектердің бірінші қабатында шықты. Өрт 23 сағат 47 минутта толықтай сөндірілді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін