Өрт Талғар ауданы Бесқайнар ауылында шыққан. Мұнда бір жеке үйдің ауласында 105 шаршы метр алқапты иемденетін сарай өртенген. Оқыс оқиғаның кесірінен 5 текше метр отын мен бір тонна көмір де отқа жанып кетті.
Өрт үш сағаттан кейін өшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.