Алматы облысында полиция қызметкері өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында полиция қызметкері өлтірілді

Алматы облысында полиция қызметкері өлтірілді

Алматы облысының Есік қаласында полиция қызметкері өлтірілді. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 24 Қараша 2003
  • 438
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-ның қызметкері, 1975-жылы туған 28 жастағы Н.Нұрбеков кеудесінен пышақтан жарақаттанып, Есік қалалық орталық аудандық ауруханасына түскен. Ол біраз уақыттан кейін ауруханада көз жұмды.

Осы оқиғаға байланысты толық құрамда қылмыскерлерді іздеуге шыққан қалалық полиция қызметкерлері 2 сағаттың ішінде үш күдіктіні қолға түсірді. Олар Есік қаласында тұратын 1974-жылы туған С., оның 21 жастағы қарындасы мен 1976-жылы туған танысы болып шықты.
Алдын-ала тергеу нәтижесінде әлгі үшеу қылмысты мойындарына алды. Күдіктілер мен полиция қызметкерінің арасындағы кикілжің қаладағы дүкендердің бірінде шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Полиция қызметкерін соққыға жығу барысында 27 жастағы С. оған пышақ салып алған.
Қазір күдікті уақытша тергеу қапасына қамалды. Оның қарындасы мен досы қылмысқа қатысқан сыбайластар ретінде қаладан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп босатылды. Аталмыш іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пышақ тәркіленіп, айғақ зат ретінде қылмыстық іске тіркелді. Тергеу мүддесіне сәйкес күдіктілердің есімі жарияланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар