Алматы облысында ҚР прокуратура күні атап өтілді
Кеше Қазақстанда прокуратура қызметкерлерінің күні атап өтілді. |
Алматы облысы прокуратурасының жаңартылған мәжіліс залында облыстың ардагерлері мен жас мамандары марапатталды.
Облыс прокуроры Ғабит Миразов прокуратураның барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстық прокуратура қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда елеулі үлес қосып отырғандығын атап өтті.
Прокуратура күнін тойлауға байланысты облыстық прокурордың бұйрығымен қадағалау органының қызметкерлері марапатталды.
Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де ескерусіз қалмады. «Айқын» газетінің тілшісі Болат Абаған, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Нұрбол Әлдібай, «Қазақстан» телеарнасының арнаулы тілшісі Қуаныш Серікханов, «31 арнаның» журналисі Әлия Ахмедиева және «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі Сандуғгаш Дүйсенова алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін