Алматы облысында сұйытылған газ тиеген екі вагонның рельстен шығып кету себептері анықталады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сұйытылған газ тиеген екі вагонның рельстен шығып кету себептері анықталады

Алматы облысында сұйытылған газ тиеген екі вагонның рельстен шығып кету себептері анықталады

10 маусымда 14 сағат 50 минутта Алматы теміржолының Матай-Сарыөзек учаскесінде №3471 пойыздың екі вагоны  рельстен шығып кетті. 

  • 11 Маусым 2015
  • 611
Фото - Caravan.kz

«Ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздары қозғалысында кідіріс болған жоқ. Алматы бөлімшесі  апат орын алған учаскені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ арнайы комиссия құрды, деп хабарланды «ҚТЖ» ҰК» АҚ сайтында.

Бұдан бұрын, 10 маусымда  Алматы облысы Қаратал ауданы Қалпе ауылы маңында Қапшағай қаласына бағыт алған пойыздың сұйытылған газы бар екі
 вагоны 
рельстен шығып кетті, деп хабарланған болатын.