Алматы облысында жоғалып кеткен 11 жасар баланың өлі денесі табылып, сот сараптамасына жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жоғалып кеткен 11 жасар баланың өлі денесі табылып, сот сараптамасына жіберілді

Алматы облысында жоғалып кеткен 11 жасар баланың өлі денесі табылып, сот сараптамасына жіберілді

Алматы облысының Ақсу ауданында 3 күн бойы құтқару-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Оған Ақсу АІІБ-нің қызметкерлері, Алматы облысы бойынша ТЖД-нің құтқарушылары және Қапал мен Арасан кенттерінің жергілікті тұрғындары - барлығы 100-ден аса адам жұмылдырылды.

  • 16 Қараша 2012
  • 345
Фото - Caravan.kz

Олар «Горелый» шаруа қожалығының қыстағынан кетіп қалған 11 жасар Табиғат Толқынұлын іздестірді. Жасөспірім ол жерде ата-анасымен бірге тұрған.

Ақсу АІІБ-нің бастығы Ерлан Сансызбаевтың айтуынша, Табиғат Толқынұлы қыстақтан 12 қарашада шамамен сағат 15.00-де кетіп қалған. Баланың ата-анасы ұлдарының қайда кеткенінен беймәлім болған. Ұлдары түннің бейуағына дейін оралмағанына алаңдап, оның жоғалып кеткені жөнінде хабарлап, жан-жақты іздестіре бастаған. Түнде учаскелік полиция қызметкерлері жасөспірім жиі барып тұрған Қапал кентін қарап шыққанымен, оны таба алмаған. Келесі күні полицейлер Табиғаттың күндіз өзінің үйінен 7 шақырым жерде орналасқан көрші фермаға барғанын анықтады. Оның әрі қарай қайда кеткенін ешкім білмеген.

Ресми дереккөздерден мәлім болғандай, баланың психологиялық ауытқушылықтары болған, ол сөйлей алмаған, соған қарағанда көмекке де шақыра алмаған.

15 қарашада түстен кейін қол жету қиын тау шатқалынан баланың мәйіті табылды. Ол баланың үйінен 20 шақырым жерде орналасқан. Күштеп өлтірудің белгілері табылмаған, алдын ала жасалған болжам бойынша, ол суықтан жан тәсілім еткен. Оның денесі сот сараптамасын өткізу үшін талдықорғандық мәйітханаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар