Алматы облысында жол-көлік апатынан үш адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жол-көлік апатынан үш адам ажал құшты

Алматы облысында жол-көлік апатынан үш адам ажал құшты

Алматы облысындағы «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында үш адам қаза тауып, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметінен. 

  • 17 Сәуiр 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz


Қазіргі кезде оқиға орнында Панфилов аудандық ІІБ жедел тергеу тобы мен облыстық жол полициясының қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Оқиға Панфилов ауданының Көктал ауылының маңында «Хова» жүк көлігі мен «Хюндай Илантра» жеңіл көлігінің соқтығысуының салдарынан орын алған.

«Алғашқы ақпараттарға сәйкес, жол апаты салдарынан «Хюндай» көлігіндегі адамдар зардап шеккен. Ондағы үш жолаушы қаза тауып, бір адам Жаркент қаласындағы ауруханаға жеткізілді», — деп нақтылады ІІБ баспасөз қызметінен.

Алдын ала болжам бойынша апатқа жол беру керектігі жөніндегі белгіні ескермей басты жолға шығып кеткен жеңіл автокөліктің жүргізушісі кінәлі деп танылып отыр.