Алматы облысында жұқпалы вируспен ауруханаға түскендер саны еселеп артуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жұқпалы вируспен ауруханаға түскендер саны еселеп артуда

Алматы облысында жұқпалы вируспен ауруханаға түскендер саны еселеп артуда

Алматы облысында энтеровирусты індетке шалдыққандар саны 114-ге жетті. Оның 6-уы ересек, қалғаны мектеп оқушылары мен кішкентай бүлдіршіндер. Десе де, «Қайназар» ауылында 3 күннен бері жұмыс істеп жатқан арнайы штаб мамандары ауа арқылы тез таралатын аурудың қайдан шыққанын әлі күнге дейін айта алмай отыр.

  • 28 Қыркүйек 2013
  • 413
Фото - Caravan.kz


114 науқастың 34-і аудандық ауруханаға жеткізілсе, қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда. Барлығының қызуы көтеріліп, іштері өткен. Сондықтан қазір «Қайназар» ауылында СЭС қызметкерлері үй-үйді аралап, бақылауды күшейтті. Бірақ ақ халаттылар да індеттің неден және қалай жұққанын анықтай алмай дал. Және вирустың қаншалықты қауіпті екені де белгісіз. Десе де, жергілікті тұрғындар дерт судан болуы мүмкін дейді. Қазір ауылдағы су көздері жабылып, түгел дезинфекцияланып жатыр. Ал ауызсу сырттан көлікпен тасымалдануда. Дүкендердегі азы-түлік де қатаң бақылауға алынған.