Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері үш браконьер ұсталған. «Барлық үш дерек бойынша мемлекетке келген шығын сомасы 1 миллионды құрап отыр»,- деп хабарлады Алматы облысының Ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау полициясының бастығы Бүркіт Даданбеков.
Баспасөз қызметінде айтылғандай, соңғы браконьерлік дерек Балқаш ауданында 26-наурызда тіркелген. «Полицейлер «Томар-жылқышы» аумағында «Заготпушнина» ЖШС аңшысын ұстап, одан заңсыз ауланған 67 ондатрдың терісін тәркіледі»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Ұсталған азамат аң аулау маусымының 2006 жылдың 31-желтоқсанында аяқталғандығына байланысты, браконьерлік дерегі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. «Іске, сондай-ақ заттай дәлел ретінде браконьерден ұсталған кезде тәркілеген қақпан, ілмек және тұзақ қосылады»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті