Алматы облысындағы су тасқыны салдарынан автожолдың бір бөлігін су шайып кетті
Алматы облысында қар еріп, су тасқыны болуына байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 213-ші шақырымында автожолдың бір бөлігін су шайып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Жолдың бұл бөлігіндегі қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Жолдың су шайып кеткен бөлігінің ені 5, тереңдігі 4 метрді құрайды. Оны жөндеуге 5 инженерлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнына Талдықорған аймақтық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының 5 адамы бар жедел тобы, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің күштері мен жол полициясының қызметкерлері келіп жетті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін