Алматы облысындағы тау өзендерінде тасқын болуы мүмкін- Казгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы  тау өзендерінде тасқын болуы  мүмкін- Казгидромет

Алматы облысындағы тау өзендерінде тасқын болуы мүмкін- Казгидромет

Алдағы тәуліктерде Алматы облысының таулы аудандарында күшті нөсер жауып, соның салдарынан су тасқыны болуы ықтимал. Бұл туралы бүгін "Казгидромет" РМК ескерту жариялады.

  • 11 Тамыз 2005
  • 412
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы Алматы облыстық және қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен «Қазақ селден қорғау» қызметіне адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.

Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.