Жарияланды: 650

Алматы облысындағы зауыт сорғыштардың өндірісін игерді

Талдықорғандық «Alakol Plant»ЖШС қазақстандық атом өнеркәсібі, химия және мұнай-газ кешенінің қажеттіліктеріне арнап сорғыштардың өндірісін игерді, деп хабарлайды Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.

«Қазатомөнеркәсіп» уран кенін өндіру кезінде пайдаланылатын, агрессивті қышқыл және сілті ортада жұмыс істейтін сорғыштардың жиырма шақты түріне тапсырыс берді. Тапсырыс берушіге ондай сорғыштардың 300-ге жуығы жеткізілді», -деп хабарлады сейсенбі күні зауыт директоры Эльдар Қасымов. Ол компанияның 2012 жылы атом және химия өнеркәсібі үшін 1,5 мың сорғыш шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының хабарлауынша, талдықорғандық кәсіпорынның өнімін сатып алуға отандық ірі тау-кен компаниялары ниет білдірген, олардың арасында «Ақ бастау» БК, «Бетпақ Дала» БК, «Инкай» БК, «Горнорудная компания» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС бар. Сонымен бірге, «Қазақ географиялық компаниясы» АҚ геологиялық барлау корпорациясы үшін бұрғылау қондырғыларын, қосалқы жабдықтар мен құралдар өндірісінің толық циклы бекітіліп, сыналды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін