Аңсар Мұсаханов Конституция күніне орай ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстан Президенті кубогы үшін дәстүрлі жарыс өткен «Көк бастау» ипподромынан қайтып келе жатқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан облыс әкімі Аңсар Мұсаханов, облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов, Жамбыл ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев зардап шекті.
Қазіргі таңда барлығы да №4 қалалық ауруханаға жатқызылды. Аймақ басшысы Аңсар Мұсахановқа ота жасалды (оң қолы сынған).
Осы уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда.