Жарияланды: 610

Алматы облысының Қарасай ауданында екі адамның өлімі ашылды

Алматы. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Қарасай аудандық ІІБ қызметкерлері екі адамның өліміне қатысты қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 қарашада Шамалған ауылындағы бір үйден 1981 жылы туған жергілікті кәсіпкер буындырып өлтірілген жерінен табылған. "Осы үйдің ауласында тұрған, кәсіпкерге тиесілі көліктен кеудесі мен тамағындағы пышақ жарақаттарымен екінші жігіттің мәйіті табылған, жергілікті тұрғын әлгі кәсіпкерге жұмыс істеген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Қарасай АІІБ қызметкерлері қылмыстың ізі суымай Жамбыл облысының Мерке ауданының 1975 жылғы тұрғынын ұстады. Екі адамның өліміне қатысы бар күдікті қылмысын мойындады. Ол қазір Қарасай АІІБ-ның уақытша тергеу абақтысында отыр", - дейді тәртіп сақшылары. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін