Алматы облысының шарап-арақ зауыты алкогольді заңсыз дайындап сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының шарап-арақ зауыты алкогольді заңсыз дайындап сатқан

Алматы облысының шарап-арақ зауыты алкогольді заңсыз дайындап сатқан

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер жөніндегі департаменттің экономикалық зерттеулер қызметінің қызметкерлері

  • 10 Маусым 2015
  • 929
Фото - Caravan.kz


арақ-шарап өнімдерін заңсыз өндіріп келген өндіріске тосқауыл қойды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Биыл мамыр айында зауыт басшылығына этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңды бұзғандығы үшін 991 мың теңге айыппұ салынған, лицензия бес айға, 1-қазанға дейін тоқтатылған.
Алайда зауыт лицензия тоқтатылған соң бір ай бойы алкоголь өнімдерін жасап, сатуын жалғастырыпты.
Зауыттың аумағын тінту барысында есепке алу-бақылау маркінің күмәнді 6580 данасы табылған, күмән келтіретін маркалар желімденген дайын 7 мың бөтелке шыққан, сканер құрылғысы арқылы тексергенде, олардың "Акциз" ақпараттық жүйесінде тіркелмегендігі белгілі болған.
Бұл факті бойынша республика Қылмыстық кодексінің 233 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.