Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді

Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді

Ашық есік күні Алматы онкологиялық орталығында 13 ақпан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

  • 11 Ақпан 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы онкологиялық орталығында қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні бастапқы тексеруден өтіп, орталықтың жетекші мамандары: маммолог, гинеколог, хирург, онкодерматолог және урологтан консультация алуға болады.

Сондай-ақ көрсеткіштері бойынша сүт безіне, іш қуысы органдарына және кіші жамбасқа ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілетін болады.

«Тәжірибе көрсеткендей, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтаған кезде 95%-ға жуық емдеудің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау тезірек сауығып кетудің кепілі «, – деп атап өтті Алматы онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Төрешева.


Ашық есік күні Алматы қаласы, Папанин көшесі 220, А литері, 1 қабат мекенжайында өтеді.

Қосымша ақпаратты 8 (727) 312 2474 телефоны арқылы білуге болады.