Алматы полиция қызметкерлері пәтер тонаушыларды қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полиция қызметкерлері пәтер тонаушыларды  қолға түсірді

Алматы полиция қызметкерлері пәтер тонаушыларды қолға түсірді

Алматы. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полиция қызметкерлері пәтер тонаушыларды қолға түсірді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Алматы қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полковник Амантай Әубәкіров хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Алматының ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының қызметкерлеріне қалада оншақты пәтерлерді тонап үлгерген бір топ ұрылардың бар екені жөнінде ақпарат келіп түсті. Арнайы сараптама жүргізіліп, полиция қызметкерлері олардың қайда жүргенін анықтап, заңсыз істеріне байланысты құрықталды «, — деді полиция полковнигі А. Әубәкіров.

Оның сөздеріне қарасақ, бүгінде 12 пәтер тонау ісі бойынша 15 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Олардың екеуі «заңдағы ұрылар» деген атпен жүрген Грузия азаматы».

«Шұғыл тергеу іздестіру жұмыстары кезінде белгілі болғанындай, заңсыз әрекеттер Қазақстанның басқа қалаларында да жасалған. Астана, Алматыда да бұл қылмыстық топтың мүшелері ұрлық жасаған. Олардың қылмыстарын Қазақстанда уақытша тұрып жатқан 21 жастағы отандасы үйлестіріп отырған. Жас қыз тоналған заттар туралы барлық ақпараттан құлағдар болып, оларды сатуға көмектескен. Кейде заңсыз қолға түсірілген заттарды Грузияға жөнелтіп отырған. Күдіктіні қолға түсіру кезенді одан 50- ге тарта алтын зергерлік бұйымдар тәркіленді «, — деп айтты А. Әубәкіров.

Бүгінде полиция қызметкерлері өздерінің грузиялық әріптестерімен байланысып, қолға түскендердің кім екенін анықтап, олардың басқа қылмыстарға қатысы барын анықтауда. «Грузия азаматтарының бізге көптеп келіп жатқандығын ондағы саяси- әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығымен байланыстыруға болады. Статистикалық мәліметтер бойынша, биылғы жылы Грузия азаматтары жасаған қылмыстар саны былтырғы жылмен салыстарғанда әлдеқайда жоғары. Ал Алматы бойынша 11 айда 1,5 мың пәтер тонау қылмыстары тіркелді», — деп хабарлады полиция полковнигі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті