Алматы полициясы бірнеше пәтерді тонады деген күдікпен келіншекті қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы бірнеше пәтерді тонады деген күдікпен келіншекті қолға түсірді

Алматы полициясы бірнеше пәтерді тонады деген күдікпен келіншекті қолға түсірді

Алматы полицейлері пәтерге ұрлыққа түскен келіншекті үш сағат ішінде ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 4 Маусым 2015
  • 475
Фото - Caravan.kz

32 жастағы жұмыссыз келіншек осыған дейін бірнеше пәтерді тонаған екен. Ең соңғы рет келіншек 4-қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатында орналасқан бөлменің есігін бұзып, ішіндегі құнды заттарды қолды еткен.

«Жетісу аудандық ІІБ жедел іздестіру тобы 3 сағаттан соң 1983 жылы туылған Аманқұлованы қолға түсірді. Кейін ол өзінің ұрлағанын мойындап, жапа шегушінің заттары тұрған мекен жайды айтып берді. Қазір оған қарсы ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.


Ұрланған заттар иесіне тапсырылды.

«Бұл жағдайда камералардың дұрыс орналаспағаны қиындық туғызды. 7 камераның назарынан тыс қалу үшін келіншек көше жарығын сөндіріп тастаған. Алған заттарын подьездегі терезе арқылы сыртқа лақтырып, өзі құр қол камералардың алдынан өтіп кетеді», — деді Жетісу ІІБ қызметкерлері.

Осыған байланысты құқық қорғау органдарының өкілдері терезелерге тор орнатуға кеңес беріп отыр.