Алматы қалалық соты "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы Алматы экономикалық сотының шешімін негізді деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық соты "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы Алматы экономикалық сотының шешімін негізді деп тапты

Алматы қалалық соты "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы Алматы экономикалық сотының шешімін негізді деп тапты

Бүгін, 19-мамырда Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Марат Нұрбеков "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы Алматы экономикалық сотының шешімін негізді деп жариялады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Мамыр 2004
  • 564
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16-сәуірде Алматы экономикалық соты «Эйр Қазақстан» ЖАҚ әуе компаниясын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы шешім шығарған. Сол күнгі сот мәжілісі барысында «Эйр Қазақстан» ЖАҚ кредитор 9 компанияға берешегін мойындады.

Атап айтсақ, ол 35,3 млн. теңгені «Ерминстрой» ААҚ-на, 853 мың долларды «МС Мира Импекс компаниясына», 1,4 млн. теңгені «Время» баспасына, 2,6 млн. теңгені «Алматытелеком» қалалық телекоммуникациялық орталығына байланыс қызметі үшін, 272 мың долларды «Союз Авиа» ЖШҚ-на, 25,3 млн. теңгені Авиа консалтинг компаниясына, 723 мың долларды «Авиаэкспресс»ЖШҚ-на , 57,7 млн. теңгені «Гелеос» ЖШС-не, 456 млн. теңгені Түрксіб аудандық салық комитетіне, 679 млн. теңгені Алматы халықаралық әуежайына 2001-жылғы тамыз айынан бергі берешек ретінде қайтаруы тиіс.
Алайда, экономикалық соттың шешімімен келіспеген «Эйр Қазақстан» 2004-жылдың 5-мамырында жоғары сатылы сотқа апелляциялық шағым түсірген.
«Эйр Қазақстан» ЖАҚ әуе компаниясы ҚР көлік және коммуникация министрлігіне 2004-жылдың ақпан айынан бастап бірқатар тұрақты авиациялық бағыттар бойынша ұшуларды доғаратынын мәлімдеген болатын. Ондай жағдайға компанияның қаржылық ахуалы түрткі болған. Қазіргі жағдаймен компанияның кредиторлық берешегі 55-60 млн. долларға жетіп жығылды.
ҚР азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алмасбек Мәмбетовтың айтуынша, «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның берешегі туралы баян 1999-жылдан бастау алады. «Ол кезде әуе компаниясы басшылығының теріс саясаты салдарынан қаржылық лизинг жолымен 102 млн. долларға алынған екі Бойнг-737 және екі бірдей А-310 аэробусы әуе компаниясын қарызға белшеден батырған». А.Мәмбетовтың айтуынша, берешек содан бері мүлдем азайған жоқ. «Республика үкіметі ахуалды өзгертуге екі мәрте қадам жасады. Алғаш рет 2001-жылы ҚР үкіметі екі аэробусты сатып алуы нәтижесінде «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның 4,5 млн. доллар көлеміндегі қарызы өтелді. Ал 2002-жылы үкімет Қазкоммерцбанкке берешегі үшін «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның акцияларын 15 млн. долларға сатып алды. Нәтижесінде Қазкоммерцбанк әуе компаниясының 20 млн. доллар шамасындағы қарызына кешірім беріп, басқа да кредиторлық берешектерді өтеу ұзақ мерзімге кейінге шегерілді»,- деді А.Мәмбетов.
2000-жылдың 30-желтоқсанынан бері «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-на Еркін Қалиев басшылық етеді.

Соңғы жаңалықтар