Жарияланды: 450

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов метро құрылысымен танысты

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов метро құрылысына қатысты көшпелі кеңес өткізді.

Әкім электропоездбен рельстер төселген төрт стансаны аралап шықты. Қазіргі уақытта метроның алғашқы кезегіндегі бірінші желінің (8,56 км) құрылысы аяқталып қалды. Ол Райымбек даңғылынан бастау алып, Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына дейін барады. Одан кейін, батысқа қарай айналып өтіп Гагарин даңғылына жетеді. Бұл желіде жеті станция бар. Қазіргі кезде мұнда сыртқы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, 15,93 шақырым жолға бетон, 15,38 шақырымға рельстер төселді. 3,91 км контакті рельстерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Райымбек», «Алатау», «Жібек-Жолы», «Алмалы» атты төрт стансада архитектуралық - әрлеу жұмыстары аяқталды. Ал, «Абай» және «Әуезов театры» атындағы стансалардың жұмысы аяқталуға жақын қалды. «Байқоңыр» стансасындағы жұмыс 65%-ға орындалған. «Райымбек», «Жібек-Жолы», «Алмалы», «Байқоңыр», «Абай», «Әуезов театры атындағы» алты стансыда эскалаторларды іске қосу жұмыстары жалғасуда. Барлық 29 тоннелді желдеткіштер, 43 затворлар толық күшінде жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта метрополитендегі қосалқы стансыларға қажет құрал- жабдықтар толықтай жеткізілді. «Абай», «Алатау», «Әуезов театры» атындағы стансаларда желілерді іске қосу шаралары атқарылуда. Ал, электропоездар статистикалық байқаудан өтуде. Жылжымалы құрамның жолдары мен жоғарғы беті тексерілуде. Мамандардың айтуынша, барлық жұмыстар талапқа сай жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін