Жарияланды: 490

Алматы қаласының әкімі "Нұр Отан" ХДП-ның Алматылық филиалының төрағасы болып сайланды

Алматы. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі "Нұр Отан" ХДП-ның Алматылық филиалының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының VIII-ші кезексіз қалалық партиялық конференциясы өтті. Оған "Нұр Отан" ХДП Саяси кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, қалалық партиялық белсенділер және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Конференцияда "Нұр Отан" ХДП-ның Алматылық филиалының төрағасы болып Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сайланды, төрағаның орынбасары болып Тоқмұхамед Садықов сайланды. Күн тәртібінде партиялық ұйымның есептік уақыт ішіндегі атқарған жұмыстарының нәтижелері талқыланды, қалалық партиялық ұйымның идеологиялық, қоғамдық-саяси және ұйымдастырушылық-партиялық жұмыстарын одан әрі жетілдіруге арналған міндеттері қарастырылды. Сонымен қатар, Бақылау-ревизиялық комиссияның және "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері сайланды. Алматы қаласының әкімі, қалалықтардың мәселелерін шешу үшін партияның барлық мүмкіндіктерін жұмсау керектігіне және Елбасының әлемдік қаржы дағдарысы шарттарының аясында әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұрылымды қолдау туралы міндеттемелеріне баса назар аударды. "Қазақстан президенті біздің партиямыз шынайы жұмыстардың партиясы болуы керек деді. Біздің жас мемлекетімізде партиялық құрылым қарқындап келеді. Мені партияның Алматылық филиалының төрағасы етіп сайлау арқылы сіздер маған үлкен сенім білдірдіңіздер",- деді Ахметжан Есімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін