Жарияланды: 1200

Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту бойынша жүргізілген шаралардың алғашқы төрт күні ішінде 775 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылып, олар 1 883 864 теңге көлемінде айыппұл төледі

Алматы. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту бойынша жүргізілген шаралардың алғашқы төрт күні ішінде 775 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылып, олар 1 883 864 теңге көлемінде айыппұл төледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов үстіміздегі жылдың 29 тамызында қаланың атмосфералық ауасын сапалық жағынан жақсартуға бағытталған "2008 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту бойынша жүргізілетін шаралар туралы" № 322 өкімге қол қойған болатын. Осы құжатқа сәйкес үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінен бастап Алматы қаласында жүзеге асатын шаралар бастады. Атап айтсақ, автокөліктерден шығатын улы заттар мен түтіндердің нормасын бақылау; қаланың автокөлік жолындағы барлық көліктерді , соның ішінде жолаушы тасымалдаумен айналысатын транспортты да бақылау; май құю стансаларында автомотор отындарын бақылау; құрылыс алаңдарында автокөлік жуатын жерлерді тексеру және бақылау, ірі кәсіпорындардың қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі міндеттерін қалай жүзеге асырып жатқандықтарын бақылау; аудандарда жерге түскен жапырақтар мен қатқыл қалдықтарды өртеуге жол берілмеуін және май құю стансалары мен вулкандаумен айналысатындардың заңсыз әркеттерге бармауын бақылау; Алматы қаласында ауа көбінесе көліктерден шығатын зиянды заттар мен түтіндерден бұзылатыны белгілі. Сондықтан кез - келген көлік осы мәселеге қатысты қатаң бақылауға алынып, тексеруден өтетін болады. Негізгі бағыттар бойынша қалаға кіретін, шығатын көліктер жиі тексеріледі. Қазірдің өзінде жүргізілген шаралардың алғашқы нәтижесі айтарлықтай. Мысалы, 15-18 қыркүйек аралығында, төрт күн ішінде 775 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылып, олар 1 883 864 теңге көлемінде айыппұл төледі. 3555 жүргізушіге 01-01-2009 жылы енетін нормалардың ақпараттық құжаттары тапсырылды, бұл шара Рысқұлов пен Тілендиев көшелері қиылысындағы "Биохим" компаниясының май кұю стансасында жүзеге асуда. Көлікті бақылау инпекциясы заңды тұлғалар үшін 21 құжат жасаған. Алматы қаласы бойынша сәулет және құрылысты бақылау басқармасы 24 нысанның құрылысын тексеріп, 4 обьектіге әкімшілік тәртіп бұзғандығы туралы құжат тапсырған. "Алматыэкологстрой" МҚК - ның мамандары 2008 жылдың 16 қыркүйегінде қаланың басты бағыттары бойынша жүретін көліктердің хронологиялық тізбесін жасады. Бір күн ішіде қалаға Бішкек, Қапшағай; Кұлжа бағыттарынан, Қарасу және басқа да елді мекендерден 130 170 көліктің, соның ішінде 22490 жүк көлігінің келгендігін анықталды, 67 790 көлікте қалалық нөмір, ал 62380 көлікте сырттың нөмірі болған. Қазақстан Республикасы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕВРО -2 нормативі бойынша жұмыс істеуге көшкен, яғни автокөліктерде улы заттар нормадан артпауы тиіс. Қазіргі кезде СТ РК 1433 -2005 стандарты нормаға сәйкес. Жүргізілген шаралардың басты мақсаты - ауаны тазарту ісіне көпшіліктің назарын аудару, ауа бассейнін таза ұстау, зиянды заттар шығаратын көліктерді қалаға кіргізбеу. Әр көлік иесі өзінің астындағы темір тұлпарының еш ақаусыз, улы затсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.Барлық көлік иелері өз машиналарына сапалы май құйып, биотындарды да дұрыс пайдалана білулері тиіс. Белгіленген нормативтен ауытқығандар қатаң бақылауға алынып, жан -жақты тексерілетін болады. Мемелкет тарапынан да қоршаған ортаны таза ұстау бағытында елеулі шаралар жүзеге асуда. Нормативті талаптарды қатаңдату май құюмен, отын шығарумен айналысатындардың жұмысын жандандарып, нарықтық бәсекеге әкеледі. Ол сондай-ақ қызмет көрсетудің сапасын жақсартады, катализатор- нейтролизатор қондырғыларын орнатуға мүмкіндік жасайды, май құю стансаларының жұмысын жақсартады әрі оларға қойылатын талапты барынша күшейтетін болады. Жүргізілген айлық және тексеру барысында алынған мәліметтер Алматы сынды ірі мегаполистің ауа бассейнін жақсарту үшін мына шараларды қажет етеді: улы заттар мен түтіннің нормасын бақылайтын тұрақты экологиялық посттар ашылуы тиіс; табиғатты қорғау шаралары аясында экологиялық таза технологиялар қозғалысы қажет; халыаралық стандартқа сай АҚС-ын қалыптастыру керек; -биоотын, газ отыны және басқа да экологиялық таза отындар қолданыста болғаны жөн; барынша тиімді қондырғыларды пайдалану қажет (каталитикалық нейтрализаторлар); стационарлық нүктелерде шаңды, газды тазартатын қондырғылар орнату керек; ЕВРО - 2 - ге көшуге қатысты ұсыныстар жасап, қалаға кіретін және шығатын көлік бағытын реттеп отырудың жүйесін қалыптастыру қажет; қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет ("Алматының ерекше мәртебесі туралы" заңға және Техникалық регламент пен басқа да құжаттарға). Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін