Жарияланды: 540

Алматы қаласының күні биыл "Біз -алматылықтармыз" ұранымен өтеді

Алматы қаласының күні биыл "Біз -алматылықтармыз" ұранымен өтеді

Алматы. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының күні биыл "Біз -алматылықтармыз" ұранымен өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Алматы қаласының күні әр жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл мәдени шара алматылықтар үшін дәстүрлі мерекеге, сондай - ақ Алматының мәдени және қоғамдық өмірінің құрамдас бөлігіне айналды. Қала бойынша мерекелік шаралар қазан айының соңына дейін жалғасады. Оның аясында фестивальдар, байқаулар, көрмелер, спорттық шаралар, қайырымдылық акциялары және басқа көптеген шаралар бар. 5 қазан - Қала күні негізгі шаралар Астана алаңында сағат 11.00-ден түнгі 22.00-ге дейін жалғасады. Бағдарламада балалар шығармашылық ұжымдарының концерті, Астана, Алматы, Ташкент пен Екатеринбург қалалары үрлемелі оркестрлерінің фестивалі жоспарланған. Кешкісін Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері өнер көрсетіп, қазақ эстрадасы өнер жұлдыздарының қатысуымен "Алматы аруы- 2008" қалалық сұлулық байқауы өтеді. Астана алаңы мен Сайран өзенінде түнгі сағат 22.00-де мерекелік от шашу болады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть