Жарияланды: 30

Алматы - Қорғас ақылы жолының терминалы алдында ауыр жол апаты орын алды

Алматы - Қорғас ақылы жолының терминалы алдында ауыр жол апаты орын алды

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Алматы – Қорғас ақылы жолының ақша төлейтін терминалы алдында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы бағытындағы Nissan Primera жүргізушісі белгісіз себептермен үлкен жылдамдықпен келіп терминалға ақша төлемек түгіл тоқтамастан өте шығып, ар жағындағы бетон бордюрге оңбай соғылды.

Быт-шыт болған Nissan-ға терминал қызметкерлері жақындағанда жүргізуші мыжылған көлік ішінде жатқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер келгенде есін жиған жүргізуші шашылған бөлшектерін жинап, көлігінің ішіне сала бастады.

Бірақ жүргізуші ақыры ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер ол жүргізушінің сау күйде екеніне күмән келтіретінін айтқан.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін