Алматы соты «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайды тұтқынға алу себептерін түсіндіріп берді.
«Сотта Ж.Қалыбайдың алкогольді ішімдік ішіп, 26-тамыз күні Анталия-Алматы бағытына қатынайтын ұшақ бортында балағат сөздер айтқаны, қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың мазасын алғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Бортсеріктер акт толтырып, тәртіпке бағынбаған жолаушыны Ішкі істер органы қызметкерлеріне тапсырды, делінген хабарламада.
Сот отырысында Ж.Қалыбайдың айыбын стюардесса мен алты куәгер растап берді.
«26-тамыз күні сағат 23:00-де толтырылған медициналық куәландыру актісі Ж.Қалыбайдың алкогольдік ішімдік ішкенін растады», — делінген хабарламада.
Сотталушы кінәсін жартылай мойындады. Сондықтан ол заң бойынша 10 тәулікке емес, 3 тәулікке қамауға алынды