Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Студенттер жаңа емхана, жұқпалы аурулар ауруханасы, көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысында жұмыс істейтін болады.
Қалалық құрылыс басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі таңда көптеген құрылыс компанияларымен келісім-шартқа қол қойылды.
«Жасыл ел» жасағының әр қатысушылары 40-50 мың көлемінде жалақы алады. Сондай-ақ, «Жасыл ел» республикалық штабы әр студентке 17 мың теңге көлемінде қосымша ақы төлейтін болады.
«Аға буын өкілдері болашақ жастарды еңбекке баулуға тырысу керек. Бұл жерде жұмыс беруші, басшылар да бей-жай қалмағаны абзал. Бүгін оларды еңбекке үйретсек, ертең жауапкершілігі мол мамандарды қабылдаймыз. Әсіресе, жол-құрылысы мамандығында оқитын студенттерін тарту көзделген», — деді қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманғалиев.