Алматы тұрғындары заңсыз құрылысқа қарсылық ретінде қоршауды бұзды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғындары заңсыз құрылысқа қарсылық ретінде қоршауды бұзды

Алматы тұрғындары заңсыз құрылысқа қарсылық ретінде қоршауды бұзды

Алматыда ауласындағы құрылысқа қарсы шыққан жұрт ойын алаңындағы қоршауды бұзып тастады. Әткеншектер мен сырғанақтарды әп-сәтте қиратқан кәсіпкер көп қабатты үйдің қақ ортасынан ақылы спортзал салмақ болған. Ашуға булыққан бір топ ата-ана бүгін сол құрылыс алаңының астан-кестенін шығарды.                               

  • 26 Сәуiр 2014
  • 187
Фото - Caravan.kz

-Не істеп тастаған? Қанша ағашты кесіп алып тастаған түгел. Оның қажеті қанша еді?

Ішке басып кірген алаң иелері өз аулаларын танымай қалды. Күні кеше балалары асыр салып ойнаған әткеншектері атымен жоқ. Орнында тек темір терсектері ғана жатыр. Құрылысшылар жайқалған жеміс ағаштарын да түгел отап тастаған. Құрылыс иесі Мұхамедияр Жұматаев деген кәсіпкер екен. Пысықай сәулет басқармасына құжаттарын өткізгенімен, рұқсатты күтпестен құрылысқа ертерек кірісіп кетіпті. Ойын алаңын жермен жексен етсе де кәсіпкер 100 мың теңге айыппұлмен ғана құтылып отыр.  


Ғалия Төлегенова, Әуезов аудандық әкімдігі экология инспекциясының бас маманы:

-Ол айтты, мен білген жоқпын, білмеймін мұндай заңның бар екенін. Сол үшін оған 300-ші бапқа сәйкес, әкімшілік кодексте жазылған, көк желектерді рұқсатсыз кесіп, қырқып, алып тастағаны үшін 60 МРП мөлшерінде айыппұл төледі.