Жарияланды: 170

Алматы тұрғындарына қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берілді

Алматы тұрғындарына қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берілді

Билік өкілдері халыққа көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілетінін ескертіп, жол шетінде тұрған көліктерді алып тастауды сұрады.

Алматыда бүгіннен бастап жауған қар 16 қаңтарға дейін толастамайтын болады, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

"Бүгін 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап жауған қар 16 қаңтарға дейін созылады, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы автокөлік иелерінен көшені қардан тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетінде тұрған көліктерін алып тастауды сұрайды", — деп хабарлайды әкімдік.

Автокөлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша қоғамдық көлікпен жүре тұруға кеңес берілді.

"Жеке көлікпен жүру қажеттілігі туындаса, жылдамдықты төмендетіп, көлік араларындағы қашықтықты сақтауға, шұғыл бұрылыс жасамауға шақырамыз", — делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть