«Халықаралық әйелдер күні мерекесінің алдында 7 наурызда сағат 11-де плакат немесе басқа да транспаранттарды алып жүруге тыйым салуға қарсылық белгісі ретінде мен Тәуелсіздік монументінің алдына транспарантпен шығамын», — деп хабарлады О. Оразбекова.
Оның айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес ол қарсылық акциясын өткізу үшін жергілікті билік органдарына өтініш жолдауға құқы жоқ. «Қазіргі отандық заңнама бойынша мен еңбек ұжымының өкілі болып табылмайтын жанмын. Сондықтан, мен пикет немесе шеру өткізу үшін әкімшілікке өтініш жолдай алмаймын. Мен секілді әйелдер Қазақстанда миллиондап саналады».
«3 наурызда мен Республика алаңының астынан «Алмалы» сауда орталығын салумен келіспегендіктен қала қоғамдастығы өткізген рұқсат берілмеген шеруге қатысқаным үшін өзімнің құрбыларыммен бірге сотталдым», — деді О. Оразбекова.
Оның пайымдауынша, бұл сот шешімі заңсыз шығарылған. Себебі, ол Қазақстан Республикасының Ата заңы және республика бекіткен халықаралық келісімдер кепіл болған менің азаматтық құқығымды шектейді. Мен қазіргі заң бойынша бұл шешімді биліктің жоғарғы сатыларына шағымдануға құқылымын. Алайда, мұндай шағымданудың құнын білемін. Сондықтан, қалалық сот, Алматы қаласының прокуратурасы, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, президент әкімшілігі секілді органдарға соқпай, мен мемлекет билігінің көзі, ең жоғарғы саты Қазақстан халқына аппеляциялық шағым түсіремін», — деп көрсетілген үндеуде.
О. Оразбекованың айтуынша, «Билік пен халық арасындағы сызат ұлғайып келеді», деп жазылған транспарантты 3 наурызда алып шығуы оның тұтқындалуына себепкер болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті