Алматы тұрғынының қымбат тұратын автокөлігі ұрланған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғынының қымбат тұратын автокөлігі ұрланған

Алматы тұрғынының қымбат тұратын автокөлігі ұрланған

Алматы тұрғынының қымбат тұратын автокөлігі ұрланған.

  • 5 Шiлде 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Көп ұзамай полицейлер үш күдіктіні ұстады, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota Land Cruiser көлігін ұрлау оқиғасы таңертең жасалған. Полицейлер бейнебақылау жүйесін қолдана отырып, көліктің Алматыдан батыс бағытта шығып, Жамбыл облысына келгенін анықтады. Көп ұзамай үш күдікті қамауға алынды.

"Күдіктілерді ұстау операциясын біздің бөлімшенің жедел уәкілдері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді. 1996 және 1999 жылы туған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған көлік тәркіленіп, полиция материалдарына тіркелді. ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді», — деді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Қазір полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. ІІМ баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де ақпарат таратуға жатпайтынын атап өтті. Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәсі анықталғанға дейін әркім кінәсіз деп танылады.


Соңғы жаңалықтар