«ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттері қызметкерлерінің агенттікке мәлімдеуінше, жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин жоқ, өйткені бензовоздар сұйық отын тасып үлгермеуде.
Sinoоil жанармай бекеттерінде АИ-92 бензині бар, алайда үлкен кезек туындаған.
«Бізде талонсыз 92 сатылады. Басқа жанармай бекеттерінде талонмен сатылуда ", — дейді Sinooil жанармай бекеттері.
Helios жанармай бекеттерінде АИ-92 бензині кешке болмақ.
«Бензин болған, бірақ таусылып қалды. Басқаларында бензин болмағандықтан бізден құйып, АИ-92 бітті», — дейді Helios жанармай бекеттері.
"Газпромнефть" жанармай бекеттерінде де осы маркалы бензин жоқ.