Жарияланды: 630

Алматы жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды (толық нұсқасы)

Алматы. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Арман Сарбасовтың орнына Алматы жол полициясы басқармасының бастығы қызметіне оның бұрынғы орынбасары Александр Васильев тағайындалды. Қалалық ІІД кадар бөлімінің хабарлауынша, подполковник А. Васильев жол полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары болған. Ішкі істер органдарында 1985 жылдан бері, Алматы қалалық жол полициясы басқармасында - 1990 жылдан бері жұмыс істеуде. Екінші және үшінші дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен марапатталған. Кадр бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, "әзірге А.Сарбасовтың жаңа қызмет орны туралы ақпарат белгісіз". Бұдан бұрын да хабарлағанымызадй, А. Сарбасов Алматы жол полициясы басқармасының бастығы қызметіне осы жылдың 8 сәуірінде тағайындалған. Бұл орынға ол Алматы облысындағы осындай қызметтен ауысып келіп, Бақыткелді Айқынбековты ауыстырған. Ал ол өз кезегінде Астанаға ауыстырылды. Ал Астана ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы Орынбасар Қосанов сол кезде Алматы облыстық жол полициясы басқармасына бастық болып келді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть