Алматы: жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

Алматы: жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

Алматы жол полициясы азаматтардан жұма күні кешкі 23 сағат 20 минуттар шамасында Әуезов-Жандосов көшесінің қиылысында жасы 30-35-тердегі жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп кетіп, оқиға орнынан жасырынып кеткен жүргізушіні табуға көмек көрсетуін сұрайды.

  • 20 Маусым 2011
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Алматының ІІД жол полициясы басқармасы 17-ші маусымда кешкісін жаяу жүргіншіні Әуезов-Жандосов көшелерінің қиылысында қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші мен оның көлігін табуда көмек көрсетуін сұрайды», — делінген жол полициясының хабарында.

ЖПБ ол әйелдің көшені батыстан шығысқа қарай №108-ші үйдің қарсысында Жандосов көшесінің оңтүстік жағында түнгі 23 сағат 20 минутта өтіп бара жатқандығын айтады.

Қандай да мәлімет білетін куәларды полиция төмендегідей телефон арқылы хабарласуын сұрайды: 254-45-05, 253-07-20, +7 (701) 718-90-47 немесе 102.

Анонимділік пен сыйақы беру кепілдігі бар.

Соңғы жаңалықтар